Жаңбыр, бұршақ, үсік: Қазақстанның басым бөлігінде күн райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — 21 мамыр күні Қазақстанның бірқатар өңірінде күн райы қолайсыз болады. Осыған байланысты «Қазгидромет» ескерту жариялады.
«Қазгидромет» болжамына қарағанда 21 мамыр күні Астанада күн күркіреп, жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.
Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматыда күн соңына қарай өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15-18 метрге дейін күшейеді.
Абай облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады.
Өңірдің шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Облыстың батысында төтенше өрт қаупі жарияланған.
Ақмола облысында нөсер жаңбыр, бұршақ және күшті жел болады.
Кей жерлерде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.
Өңірдің солтүстігі, оңтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Облыстың шығысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбе облысының бірқатар ауданында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл тұрады.
Өңірде жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұршақ аралас жаңбыр жауады.
Облыстың шығысында түнде 1 градус үсік жүруі мүмкін.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аумақтарында жаңбыр жауып, найзағай болады.
Таулы аудандарда тұман түседі.
Жетісу облысында желдің екпіні кей уақытта секундына 28 метрге дейін күшейеді.
Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Кей аудандарда шаңды дауыл тұрады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанып отыр.
Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Облыстың батысы мен солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Қызылорда облысының оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болады.
Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал.
Кей аудандарда желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай және бұршақ болады.
Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
Осыған дейін Қазақстанның үш өңірінде күн күрт суытатыны туралы жаздық.