Жаңбыр, найзағай, үсік: 19 мамырда ауа райы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 19 мамырда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал облыстың батысында, орталығында тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 19 мамырда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 19 мамырда жел шығыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі бар.
Түнде Ақмола облысының шығысында топырақ беті қатып, ауа температурасы 2 градус суық болады, үсік жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Түнде және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде 19 мамырда шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте 19 мамырда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 19 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 19 мамырда аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус суық болып, үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодарда 19 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 19 мамырда батыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 18 м/с.
Абай облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың шығысында 2 градус суық болып, үсік жүреді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 19 мамырда шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Қарағандыда 19 мамырда төтенше өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауады, күндіз облыстың шығысында кей уақытта нөсер құяды, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, күндіз облыстың шығысында бұршақ түседі. Түнде облыстың орталығында және күндіз шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 19 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл, шаңды дауыл тұрады. Таңертең және күндіз шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус суық болып, үсік жүреді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 19 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Таңертең және күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда нөсер құяды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 19 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі.
Жетісу облысының шығысында, орталығындасолтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 19 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Алдағы күндері 35 градусқа дейін ыстық болатынын жазған едік.