Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жаңбыр, найзағай, жел: Қазақстанда 15 шілдеде күн райы құбылмалы болады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» мекемесінің синоптиктері 15 шілдеде қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жариялады.

люди, дождь, погода, ауа райы, жанбыр, адамдар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Астанада 15 шілдеде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Кей уақытта екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, шаңды дауыл болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Батысы мен солтүстігінде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғып, кейін оңтүстік және оңтүстік-батыс бағытқа ауысады. Күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында және оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыс пен шығыстан соғады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күшінде.

Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел батыстан соғады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35-38 градусқа жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Батысында, шығысында, орталығында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғады. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі күшінде.

Ұлытау облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында 15 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Орталығында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай болады, облыстың шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс пен шығыстан соғады. Облыстың оңтүстік-батысы мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі күшінде.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күшінде.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, ал шығысы мен орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін батысқа ауысады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі, ал облыстың оңтүстігінде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 15-16 шілде күндері облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні таулы аудандарда 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, ал оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күшінде.

Бұған дейін ШҚО-да шілдеде аптап ыстық пен жаңбыр жиі алмасып тұратынын жазғанбыз.