Жаңбыр, жел, аптап ыстық: 7 маусым күні ауа райы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.
Астанада жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматыда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыста жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында түнде батыс пен солтүстікте аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында секундына 15-18 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, қатты жел соғады. Оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысында түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауады. Шығыс және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында секундына 18 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, ал орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысында түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз таулы аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Алакөл ауданында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, ал солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, қатты жел соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыс және солтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында және орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады, ал орталығы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігі мен орталығында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, қатты жел соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында секундына 18 метрге жетеді. Күндіз аптап ыстық 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсіп, қатты жел соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысында таңертең және күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні таулы аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, ал орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.