Жаңбыр, жел, бұрқасын: Қазгидромет 16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК ел аумағында 16 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

қар
Фото: Астана әкімдігі

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Сонымен қатар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, күндіз елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек ҚР-ның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — делінген ведомство ақпаратында.

Ел бойынша тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Соңғы жаңалықтар