Жаңбыр, қар: Алдағы үш күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 26-28 наурыз күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Скандинавия аудандарынан келетін циклон, республиканың батыс және солтүстік өңірлеріне ауысады, ал Қазақстанның оңтүстік және орталық аудандары оңтүстік циклонның ықпалында қалады. Ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын алып келеді. Елдің солтүстігі мен батысында оған қоса боран соғады. Оңтүстікте негізінен жаңбыр болжанады. Таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.

28 наурызда елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді.

Солтүстікте түнгі температура -10...20-дан -5...15 аязға дейін, күндіз 0...-8 аяздан -5 аяз...+3 жылуға дейін болады.

Оңтүстікте түнде -6 аяз...+5 жылу аралығында, күндіз -12...17-ден -5...10 жылуға дейін төмендейді.

Елдің батысында түнде -5 аяз...+5 жылу, күндіз термометр бағандары 0...+10 градус жылуды көрсетеді», - делінген синоптиктер мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар