Жанды тербеген естеліктер: Президент Телерадиокешені ерекше жоба бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Президент Телерадиокешені ерекше жобаны іске қосты. Kazinform агенттігінің фотомұрағатындағы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары кезінде түсірілген сирек суреттер жаңа технология көмегімен түрлі түске боялып, қимылдайды.

«Жанданған естеліктер»: Президент Телерадиокешені ерекше жобаны бастады
Фото: Kazinform

Мәселен, мына сурет 1941 жылы түсірілген. Онда үздік комсомол жұмысы үшін Ленинград қаласы ВЛКСМ Қызылгвардия аудандық комитеті №46 балалар үйінің комсомол ұйымы Қызыл Тумен марапатталды.

Туды балалар үйінің аға пионер жетекшісі Лидия Александровна Костина алды. Сол жақтағы қатарда қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлова сегізінші болып тұр.

Бұл кадрларда соғыстың қасіретті жылдарын бастан өткерген жауынгерлердің, медбикелердің, тыл еңбеккерлерінің жүздері бейнеленген. Бұл жай ғана естелік емес, құрмет мен ризашылықтың белгісі, өткенге жаңаша көзқараспен қарау мүмкіндігі.

Жоба еліміздің теміржол вокзалдары мен әуежайларындағы LED экрандардан көрсетіледі. Ал 5 мамырда Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында «ҚТЖ» ҰК» АҚ қолдауымен «ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ. KAZINFORM ФОТОШЕЖІРЕСІ» атты фотокөрме ашылады.

Айта кетейік, Ақтөбеде зағиптар қоғамы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойды.

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова музейі жаңарды. Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл және Жеңістің 80 жылдығына орай музей іші заманауи технологиялармен қайта жабдықталды.

Соңғы жаңалықтар