Жандарбек Бекшин ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағалығына тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың бұйрығымен Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. 
None
None

Бұл туралы primeminister.kz  хабарлады.

Жандарбек Бекшин 1958 жылы дүниеге келген. 1982 жылы Свердлов мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Білімі бойынша - дәрігер-гигиенашы, эпидемиолог. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1975 жылы бастаған. Мемлекеттік органдарда түрлі қызметтерде, оның ішінде 2009 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде қызмет еткен.

2014-2017 жылдары ҚР Ұлттық  экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары - ҚР бас санитариялық дәрігері қызметін атқарған.

2017 жылдан бастап ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар