Жандос Әбубәкіров Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қола жүлде еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM — VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алыш — белбеу күресінен еркін стиль бойынша 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбубәкіров Жандос жүлделі III орынға табан тіреп, қола медаль иеленді.
ҚР Спорт комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшымыз жарыс барысында шеберлігі мен қайсарлығын танытып, ел намысын абыроймен қорғады.
— Жандосты жүлдесімен құттықтаймыз! Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль қосылды! — делінген комитет таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Алыш күресінен аса жеңіл салмақта сынға түскен Тұрмаханбет Қалмұхан қола жүлдегер атанғанын жазған едік.