12:41, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Жәнібек ауданында құтырған ит бес адамды қапты
ОРАЛ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданы орталығында құтырған ит бес бірдей адамды қауып, жарақаттады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төрт ер адам мен он бес жастағы қыз бала аудандық ауруханаға түсті. Мемсанэпидқадағалау департаменті директорының орынбасары Сергей Щербинаның берген мәліметіне қарағанда, барлық жарақат алған адамдарға тиісті ем жасалуда.
Ит атып өлтіріліп, оның миы сараптамаға жіберілген. Облыстық малдәрігерлік зертханада жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша иттің құтырғандығы анықталған. Бұл ?биылғы осындай бірінші жағдай. Өткен жылы Орал қаласында өз иті қауып алған ер адам құтыру дертінен қаза тапқан болатын.