Жәнібек ауданында жаңа үйлер пайдалануға берілмек

ОРАЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданында таяуда жаңа үйлер пайдалануға берілмек,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Қожамұрат Наруддиновтың айтуынша, аудан орталығында 3 пәтерлік тұрғын үй, ал Жәнібек, Жақсыбай ауылдарында 4 үй бой көтерді. Жалпы көлемі 447,64 шаршы метрді құрайтын бұл үйлердің құрылысын «Мейірім» жеке кәсіпорны (жетекшісі Сағынғали Нұрмағамбетов) жүргізді. Ал Борсы ауылындағы Ғ. Қараш атындағы мектеп жанындағы спорт залын Орал қаласындағы «СатТал» ЖШС (директоры Саттар Балахметов) салуда. Ауданда сондай-ақ ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Айталық, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеуге 15 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылды. Мұнда қазір бірнеше мекеме орналасқан. Тұрғындардың өз күшімен өткен жылы 1016,3 шаршы метр, яғни 15 тұрғын үй салынса, 329 шаршы метрлік 4 дүкен, екі шайхана (465,7 шаршы метр) іске қосылды.
Соңғы жаңалықтар