Жанкешті Пешавардағы полиция учаскесін жарып жіберді

 АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат - Пәкістанның Пешавар қаласындағы полиция учаскесінде дүйсенбі, қарашаның 16-сында таңертең лаңкестік оқиға орын алып, алдын ала деректер бойынша кемі үш адам оның құрбаны болған,

Жанкешті Пешавардағы полиция учаскесін жарып жіберді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse сайтына сілтеме жасап.

France-Presse-нің деректері бойынша, лаңкестік әрекетті жарылғыш заттар тиелген автомобилді жүргізуші жанкешті жүзеге асырған. Мерт болған үш адамнан басқа, кемі 20 адам жарақат алған. Басқа деректер жоқ.