Жанқош Тұраровтың жаңа проморолигі жарыққа шықты

Жанқош Тұраровтың 9 қыркүйек күні Астанада «Сарыарқа» велотрегінде өтетін жекпе-жегі алдындағы жаңа проморолигі шықты, деп жазады qsport.kz
None
None

Оның қарсыласы аргентиналық Бруно Леонардо Ромэй кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 кездесу өткізіп, 21 кездесуінде жеңіске жеткен.

Жанқош Тұраров болса кәсіпқой рингте 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 15 кездесуінде отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсірген. Жанқош Тұраров пен Бруно Леонардо Ромэй арасындағы кездесу 10 раундқа жоспарланып отыр.  

Соңғы жаңалықтар