Жанкүйерлер Головкин - Джейкобс айқасына сатылатын билет бағасына ренжулі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) - Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) жекпе-жегіне билет сатылмай жатып, жанкүйерлер арасында оның бағасына реніш білдіргендер шыға бастады, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Бірқатар американдықтарды  GGG - Джейкобс  кешінің мұндай бағасы қуантпай отыр.  Біз төлейтін 60 фунтқа осы тұрар ма екен»,-деп жазады NextBigPod твиттері  Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасының көрінісі түсірілген фотоны қоса көрсетіп.  

Бокс кеші өткізілетін MSG 20789 көрерменге арналған.
Головкин - Джейкобс жекпе-жегіне билеттер 18 наурыздан  сатыла бастайды. Бағасы -100-ден  1000 доллар аралығында.   

Соңғы жаңалықтар