15:37, 10 Мамыр 2017 | GMT +5
Жанкүйерлердің Головкин «Канелоны» жеңетініне сенімі азайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxing Kingdom Туиттердегі парақшасында Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жекте кім жеңетіні жайлы таяуда аяқталған дауыс берудің нәтижесін өткен жылғы нәтижемен салыстырды, деп хабарлады Sports.kz .
«Канело» - GGG айқасы Boxing Kingdom сауалнамасының нәтижесі:
Мамыр, 2016 - 80% Головкин / 20% «Канело»
Мамыр, 2017 - 60% Головкин / 40% «Канело».
«Канело» үдерісі қарқын алғанын атап өтеді, деп мәлімдеді Boxing Kingdom.
Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді.