Жапон ғалымдары бірнеше сағат ішінде теңіз суында еріп кететін пластик ойлап тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Жапониялық зерттеушілер экология үшін аса маңызды жаңалық ашты, олар бірнеше сағат ішінде теңіз суында еріп кететін пластик түрін әзірледі, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Жапон ғалымдары бірнеше сағат ішінде теңіз суында еріп кететін пластик ойлап тапты
Фото: azertag.az

Бұл жаңалық әлемдік мұхитты ластап, жануарлар дүниесіне қауіп төндіріп отырған заманауи экологиялық мәселеге тиімді шешім бола алады.

RIKEN Жаңа материалдарды зерттеу орталығы мен Токио университетінің ғалымдары жасаған жаңа материал теңіз суымен әрекеттескен кезде ешқандай із қалдырмай тез ыдырайды. Жоба жетекшісі Такудзо Айда бұл жаңалықтың қаптама өндірісі саласын қоса алғанда, көптеген тараптан үлкен қызығушылық тудырғанын айтты. Дегенмен, әзірге бұл материалды коммерцияландыру жоспары жарияланған жоқ.

БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының болжауынша, 2040 жылға қарай пластик қалдықтары үш есе артып, жыл сайын мұхитқа 23–37 миллион тонна қоқыс түсуі мүмкін.

— Балалар болашақта қандай планетада өмір сүретінін таңдай алмайды. Ғалым ретінде біз оларға мүмкіндігінше таза орта қалдыруға тиіспіз, — деді Айда.

Жаңа материал мұнай негізіндегі пластикпен бірдей беріктікке ие, алайда тұз әсерінен өзінің бастапқы компоненттеріне ыдырайды. Бұл компоненттерді табиғи бактериялар оңай қайта өңдей алады, осылайша микропластик түзілуінің алдын алады. Сонымен қатар, бұл пластик улы емес, жанып кетпейді және көмірқышқыл газын бөлмейді.

Айта кетелік келесі жылы Қазақстан өңірлік экологиялық саммит өткізеді.

Соңғы жаңалықтар