Жапон үкіметі жапон балаларын қорғап қаза тапқан қытайлық әйелге тағзым етті

АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Қытайдағы елшілігі қытайлық әйелдің қайтыс болуына байланысты мемлекеттік туды жартылай түсірді.

Жапония туы
Фото: Мұхтар Мұрат

Жапонияның Kyodo News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жапондық балаларды бұзақылардан қорғау кезінде қаза тапқан қытайлық әйелге Жапония үкіметі мен халқы үлкен құрмет көрсетті.

2024 жылдың 24 маусымында Қытайдың Цзянсу провинциясының Сучжоу қаласында тұрақта мектеп автобусын күтіп тұрған жапондық әйел мен оның баласына пышақпен қаруланған бір қытайлық еркек (52 жаста) шабуыл жасап, жаралап кеткен.

Зардап шеккен ана 30 жаста, ал бала мектеп жасына толмаған, олар сол кезде аялдамада жергілікті «жапон мектебінің» автобусын күтіп тұрған. Автобуста басқа балалар да болған екен.

Шабуылшы мектеп автобусына мінуге тырысты, бірақ оны автобустағы қытайлық әйел тоқтатты. Қарсыласу барысында қытайлық әйелді шабуылдаушы пышақтап, ауыр жарақаттаған.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері пышақ ұстаған шабуылшыны ұстады, ал қытайлық әйелдің ерлік әрекетінің арқасында мектеп автобусындағы көптеген жапон балалары аман қалды.

Жергілікті полиция маусымның 27-сі күні пышақталып, ауыр жарақат алған мектеп автобусының қызметкері Ху Юпингті (54 жаста) құтқару жұмыстары сәтсіз аяқталып, өкінішке орай қайтыс болғанын хабарлады.

Жапонияның Қытайдағы елшілігі маусымның 28-і күні қытайлық Weibo парақшасында:

«Ху Юпинг ханым жалғыз өзі бейкүнә әйелдер мен балаларды қылмыскерден қорғады. Біз оның батылдығы мен мейірімділігі Қытай халқының жалпыға ортақ сезімін білдіреді деп санаймыз. Әділ әрекеті үшін Ху Юпинг ханымға алғысымызды білдіреміз, жатқан жері жайлы болсын» - деп жазды.

Сонымен қатар, жапон туының жартылай ілінген суреті де таратылды.

Kyodo News 26-шы күні Жапонияның Шанхайдағы бас консулдығына сұхбат беріп, сәуір айында да оқиға болған жердің маңында бір жапондықты бейтаныс адам пышақтап кеткенін білді.

Қауіпсіздігі жақсы деп саналатын Сучжоуда жапондықтарға бірінен соң бірі жасалған шабуыл шабуылдар, Қытайдағы жапон қауымының алаңдаушылығын тудырды.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Ниң 25-і күні өткен баспасөз мәслихатында полицияның шабуылды кездейсоқтық деп бағалағанын және жапондарды нысанаға алған әрекет емес екенін баса айтып, мұндай оқиғаның орын алғанына өкініш білдірді.

Ол сондай-ақ Қытайдың әлі де қауіпсіз ел екенін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар