23:10, 03 Қазан 2013 | GMT +5
Жапондар аудармашы-көзілдірік жасап шықты
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Жапондық NEC корпорациясы аудармашы-көзілдірік ойлап тапты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Кішкентай камерасы бар көзілдірік түсініксіз сөздерді сіз білетін басқа тілге аударып береді.
Яғни, екі түрлі тілде сөйлесетін адамдардың өзара диалогын сол арада аударып, камераға шығарып отырады.
Бұндай бұйым шетелдік әріптестермен іскерлік келіссөздер жүргізу барысында, әр түрлі тілдерде өтетін халықаралық конференцияларға қатысу кезінде қажетті таптырмас құрал болып табылады.