Жапондық аниматор Хаяо Миядзаки «Оскар» сыйлығына ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты жапондық аниматор Хаяо Миядзаки кинематографиядағы тағы бір еңбегі үшін "Оскар" сыйлығына ие болады. Бұл туралы Америкалық киноөнер академиясы мәлімдеді.

Жапондық аниматор Хаяо Миядзаки «Оскар» сыйлығына ие болды

Миядзакимен бірге француздық режиссер Жан-Клод Карьер және ирландиялық актриса Морин О'Хара да бұл сыйлықтың лауреаты атанды. Марапаттау шарасы 8 қарашада Лос-Анджелесте өтеді.

Хаяо Миядзакидің картиналары Жапония мен өзге елдерде де кеңінен танымал. Оның "Унесенные призраками" лентасы 2002 жылы "Оскар" сыйлығына ие болған еді.