Жапондық ғалымдар нанотехнологияның көмегімен әлемдегі ең жұқа жабысқақ пластырь жасап шығарды

ТОКИО.  Шілденің  13-і.  ҚазАқпарат -  Токиодағы Васэда   университетінің   ғалымдары   жарақаттың,  тіпті ішкі  ағзадағы   жарақаттың  аузын   жинай алатын  әлемдегі ең  жұқа    жабысқақ   пластырь   жасап  шығарып  отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат  ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

Қалыңдығы нанометрмен   өлшенетін   жаңа пластырь  (нанометр -  1 метрдің миллиардтан бір бөлшегі) адам  ағзасына берік  жабысады    және   қозғалысқа  кедергі келтірмей,   еркін   созыла  да,   қысқара да алады.   Оны  жасауда    табиғи  материалдар,   атап айтқанда,   теңіз    қырыққабаты мен     таңқышаянның  сауыты   пайдаланылған.   

Қазіргі кезде     ішкі  ағзаларға  операция  жасағанда  хирургтар   жарақаттарды  арнайы  жіппен  тігіп,   оның  үстіне    жұқалығы бірнеше милиметрлік      пластырь жабыстырады.     Ол пластырьдың  жабысқақ  бөлігі      кейде науқастарға  жағымсыз  әсер етіп  жатады.

Соңғы жаңалықтар