Жапондық кейуана Эвересті бағындырмақ

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Жапондық кейуана біраз жасқа келіп қалғанына қарамастан, әлемнің ең биік шыңы - Эверест тауын бағындырмақ болып шешті,

Жапондық кейуана Эвересті   бағындырмақ

деп хабарлайды IANS агенттігі.

Қазір Непалда дайындық жүргізіп жатқан токиолық 71 жастағы заңгер Эйко Фунахиси ханым үшін бұл Эверестке көтерілудің екінші талпынысы болады. Джомолунгма деп те аталатын бұл таудың биіктігі 8848 метрді құрайды. Фунахиси ханым бұған дейін 2002 жылы Эвересті алғаш рет бағындырмақ болған, бірақ ол сапары сәтсіз аяқталған.

Фунахиси ханым құрамына 9 адам кірген халықаралық экспедицияның құрамында тауға көтерілмек, экспедицияға жаңазеландиялық Марк Вудворд жетекшілік етеді.

Қазіргі таңда Эвересті бағындырған әлемдегі ең қарт әйел, Фунахиси ханымның жерлесі Таме Ватанабе болып саналады. Ол әлемнің ең биік шыңына 2002 жылы 63 жасында көтерілген. Эвересті бағындырған алғашқы әйел де жапондық болып табылады - Дзюнко Табэй 1976 жылы шыңға көтерілген болатын.