Жапондық кейуана орта мектепті 91 жасында тәмамдады

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Жапонияның Кобэ қаласындағы мамандандырылған кешкі мектепті ең ересек оқушы тәмамдады, ол кісі мектеп аттестатын 91 жасында алып отыр,

Жапондық кейуана орта мектепті  91 жасында тәмамдады

деп хабарлайды Lifenews.Ru басылымы.

Сидзуэ Хираи есімді кейуананың тағдырын оңай деп айту қиын. Ол кісі жастайынан жетім қалып, 12 жасынан еңбекке араласқан. 18 жасында тұрмысқа шыққан, бірақ күйеуі 5 айдан кейін Азиядағы соғыста опат болған. Соғыс аяқталғаннан кейін Сидзуэ ханым тағы да тұрмысқа шыққан және 4 бала тәрбиелеп өсірген. 1995 жылы Хансиндегі зұлмат зілзала кезінде оның үйі өртеніп кетеді. Не керек, өмірдің қиындығын жеңе білген Хираи ханым 2007 жылы ғана Кобэдегі кешкі мектепке оқуға түседі.

«Бұл мектеп - менің жастық шағым десе де болады. Кезінде жоғалтқанымның бәрін қайтарып алғандай болып отырмын. Үш жыл оқу көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Бүгінгі күнім өмірімдегі жаңа жолды бастайтын күн болсыншы», деді кейуана аттестатын кеудесіне қысып тұрып.