Жапондық клерктер кеңселерінде көкөніс өсіре бастады

АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Жапонияд фирма қызметкерлері стреспен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты. Клерктер отырған кеңселерінде көкөніс өсіре бастады,

Жапондық  клерктер  кеңселерінде көкөніс  өсіре  бастады

деп хабарлайды РСН агенттігі.

Гүл өсіретін құмыраларға отырғызылған черри қызанағы мен бұршақтың өнімі аса көп емес. Өсімдікті бағып-күтуге негізделген бұл әдіс күнделікті күйбең тіршіліктен адамдарға көңілдерін аз да болса, аударуға көмектеседі, дейді мамандар. Себебі, гүл өсіруге қарағанда, көкөніс өсіру әдісі адамдарға өсімдікті өсіріп қана қоймай, өз еңбегінің жемісінің дәмін татуға мүмкіндік береді.