Жапондықтардың некесін ... робот қиды
АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат - Естімеген елде көп... Токиода алғаш рет робот неке қию рәсімін өткізді. Көз-шамдары жыпылақтаған және пластмасса бұрымды I-Fairy деп аталатын электрондық механизм мейрамханада қалыңдық пен күйеудің некесін қиды,
деп хабарлайды РСН агенттігі.
Жас жұбайлар робот техникасы индустриясында жұмыс істейді екен. Сондықтан да олар, некелерін робот қию керек деп шешкен.