Жапония 26 наурыздан мемлекеттік мұнай қорын босатуды бастайды

АСТАНА. KAZINFORM - Жапония 26 наурыз, бейсенбі күні мемлекеттік мұнай қорынан шикізатты босатуды бастайды. Бұл шешім Таяу Шығыстағы қақтығыс аясында алаңдаушылықтың артуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Kazinform Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

нефть
Коллаж: Canva

Бұл туралы сейсенбі күні Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити мәлімдеді.

Тиісті шешім Таяу Шығыстағы шиеленістің Жапония экономикасына әсерін жұмсарту шараларына арналған бейінді министрлер отырысында жарияланды.

Еске салайық, Жапония 16 наурыздан бастап Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан бензин мен өзге мұнай өнімдері бағасының күрт өсу қаупіне байланысты мұнай қорын қысқартуды бастаған.

Бұл — Жапонияның 1978 жылдан бері алғаш рет халықаралық үйлестірусіз, өз бетінше мемлекеттік мұнай қорын босатуы болып отыр.