Жапония адамдар ағзасын трансплантациялау үшін шошқаларды пайдаланбақ
АСТАНА. KAZINFORM – Жапондық стартап Осака префектурасында адам ағзасын трансплантациялауға арналған шошқа шығаратын ферма салып отыр, деп хабарлайды Nikkei Asia.
Жапондық стартап америкалық биотехнологиялық фирмамен бірлесіп қарапайым шошқалардың жасушаларын пайдаланып жануарлардың клондарын жасауды жоспарлап отыр. Биоматериал алдымен реципиенттің иммундық жүйесі органнан бас тарту қаупін азайту үшін генетикалық түрлендіріледі.
Ферма 2027 жылға қарай іске қосылуы тиіс және онда жылына шамамен 100 шошқа өсіріледі деп күтіліп отыр.
Nikkei Asia жазуынша, адамдарға трансплантациялау үшін донорлық материалдың тапшылығын ескере отырып, шошқа мүшелерін мөлшері мен құрылымының адам мүшелеріне ұқсастығына байланысты пайдалануға болады.
Өткен жылдың ақпан айында жапон ғалымдары алғаш рет АҚШ-та өсірілген, түраралық органдар, оның ішінде адамға трансплантациялауға жарамды шошқаны сәтті клондағаны туралы хабарланған болатын.
Осыған дейін қытайлық ғалымдар геномдық түрлендірілген шошқа өкпесін адамға сәтті көшірді.