Жапония «Әл-Кайеданың» салдарынан Йемендегі елшілігін жапты

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Жапония АҚШ, Франция және Ұлыбритания елдерінің соңын ала Йемендегі өз елшілігін жапты.
None
None

Дипломатиялық миссия «Әл-Кайеда» тарапынан айтылған қоқан-лоқыдан кейін өз жұмысын тоқтатып отыр, деп хабарлайды «Маяк» падиосы.

Америка өкіметі Йеменнен лаңкестермен күресті күшейтуді талап еткеннен кейін, лаңкестік ұйымның атынан қоқан-лоқы айтыла бастады. Рождество мерекесі күндері нигериялық азамат американдық ұшақтың бортында бомбаны іске қоспақ болғанын бұған дейін әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлаған еді. Тергеу барысында, әлгі азаматтың «Әл-Кайеданың» тапсырмасын орындамақ болғаны анықталды. Соған байланысты Америка лаңкестермен күресті күшейтуді талап етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар