Жапония әйелдер құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында әйелдер арасындағы командалық бәсеке өз мәресіне жетті.

Жапония әйелдер құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионы атанды
Фото: Қазақстан үстел теннис федерациясы

Финалдық сайыста Қытай құрамасы мен Жапон құрамасы кездесті.

Жапония әйелдер құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионы атанды
Фото: Қазақстан үстел теннис федерациясы

Жапондық қыздар мықты қарсыластарын 3:1 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ал жартылай финалда жапондықтардан жеңілген Үндістан құрамасы қола медаль иеленді.

Жапония әйелдер құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионы атанды
Фото: Қазақстан үстел теннис федерациясы

Қазақстан әйелдер құрамасы екінші группада Оңтүстік корея мен Моңғолия құрамасына жол берді. Сондай-ақ, қазақстандық қыздар Өзбекстан мен Иран әйелдер құрамасынан жеңіліп, 14-орыннан көрінді.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер командасы 7-8 орын үшін сайыста Иранды 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалда Үндістанға жол берген болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар