Жапония Демократиялық партиясының көшбасшысы бұрынғы СІМ басшысы Кацуя Окада болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Жапониядағы ірі оппозициялық Демократиялық партияның (ЖДП) басшысы болып, оның төрағасы қызметін уақытша атқарған Кацуя Окада сайланды, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Партия конференциясында екі турдағы мерзімінен бұрын дауыс беру нәтижесінде ол өзінің қарсыластары - бұрынғы денсаулық және еңбек министрі Акира Нагацуманы, сондай-ақ бұрынғы партияның бас хатшысы Госи Хосононы басып озды.

Партия конференциясында 130 парламент мүшесі дауыс берді, ал қалған 230 мың ЖДП мүшелері өз дауыстарын алдын ала берді.

Окада көп жылдардан бері осы партиядағы басты тұлға болып саналады. Партия билікте болған кезде Окада Жапония сыртқы істер министрі болды, вице-премьер лауазымын да атқарды. ЖДП төрағасын мерзімінен бұрын сайлау өткен айда оның бұрынғы көшбасшысы Банри Кайэды жапон парламентіндегі орнынан айырылып қалғаннан кейін отставкаға кетуіне байланысты өткізілді.

Жапония Демократиялық партиясы 1998 жылы құрылды, ал 2009 жылы ол алғаш рет билікке келді. 2012 жылы елді басқаруға қазіргі премьер-министр Синдзо Абэ бастаған Либерал-демократиялық партия оралды.

Соңғы жаңалықтар