Жапония Халықаралық ғарыш стансасына ұшқышсыз жаңа жүк кемесін сәтті жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Жапония Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) жаңа HTV-X атты ұшқышсыз жүк кемесін аттандырды, деп хабарлайды Kazinform Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жапония Халықаралық ғарыш стансасына ұшқышсыз жаңа жүк кемесін сәтті ұшырды
Фото: Kyodo

Кеме Танэгасима ғарыш айлағынан H3 тасығыш зымыранының көмегімен ұшырылды. HTV-X жаңа энергия жүйесімен жабдықталған және оның төмен температураны қажет ететін тәжірибелік үлгілерді тасымалдауға мүмкіндігі бар.

Кеме 30 қазанда Халықаралық ғарыш стансасына жетеді деп күтіліп отыр. Ол стансада алты ай бойы жұмыс істеп, кейін тағы үш ай орбитада сынақ жүргізу үшін қалады.

Жапон аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің (JAXA) мәліметінше, HTV-X шамамен 6 тонна жүк тасымалдай алады. Бұл көрсеткіш оның алдындағы Kounotori кемесінің жүк көтергіштігінен 1,5 есе артық.

Еске сала кетейік, бұған дейін ғарышқа 10 мыңнан астам Starlink спутниктері шығарылғанын жазғанбыз.

Ал тұңғыш қазақ әйелінің ғарышқа сапары қалай өткенін мына жерден оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар