Жапония Қазақстанда ірі инвестор елдердің ондығына кіреді — Мұрат Нұртілеу

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізге Жапониядан 9 млрд доллар инвестиция тартылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті.

Жапония Қазақстанда ірі инвестор елдердің ондығына кіреді – Мұрат Нұртілеу
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Жапониядан елімізге 9 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды. Қазір Қазақстанда «Mitsubishi», «Sumitomo», «Marubeni», «Mitsui» сияқты әлемге әйгілі корпороциялар бастаған жапон бизнесі табысты жұмыс істеп жатыр. Біздің нарыққа кіруге ниетті жапон компаниялары үшін елімізде барынша қолайлы жағдай жасалған. «Экономикалық держава» ретінде танылған Күншығыс елі Қазақстанның ірі инвесторлардың ондығына кіреді, — деді Мұрат Нұртілеу БАҚ алдында мәлімдеме жасап.

СІМ
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Сондай-ақ Сырты істер министрі Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналым көлемін ұлғайтуға барлық мүмкіндік барын мәлім етті. 

— Біз үшін Жапония металлургия және мұнай-химия өнімдерінің дәстүрлі нарығы. Ал бүгінгі басқосуда галий, марганец сульфаты сияқты бірқатар түсті металды экспорттау бойынша ұзақ мерзімді келісім жасау туралы ортақ перспектива талқыланды, — дейді ол.

Ивая
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Айта кетейік, бүгін Астанаға алғаш ресми сапармен Жапония Сыртқы істер министрі Такеши Ивая келді. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру жолындағы мәселелер талқыланды.

Соңғы жаңалықтар