Жапония қазақстандықтар үшін визаға өтініш беру тәртібін жеңілдетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визаға өтініш беру тәртібін жеңілдетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жапонияның ҚР-дағы елшілігіне сілтеме жасап.
Дипломатиялық өкілдікте атап өткендей, тәртіпті жеңілдету туралы Сыртқы істер министрлігінің 6-шы жиналысында «Орталық Азия + Жапония» диалогының аясында айтылды. Жаңа ереже 2017 жылғы 5 маусымнан бастап күшіне енеді.