Жапония Олжас Сүлейменовке орден тағады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония үкіметі танымал қазақстандық қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовті орденмен марапаттайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қазақстандағы Жапония елшілігіне сілтеме жасап.

«Бүгін Жапония үкіметі 2017 жылдың күзінде орденмен марапатталатын шетелдік азаматтардың тізімін жариялайды. Орден иегерлерінің арасында ҚР азаматы, Невада Семей халықаралық қозғалысының президенті Олжас Сүлейменов те бар», - деп хабарлады жапон елшілігінен.

Дипломатиялық миссияның ақпараты бойынша, марапат «Күншығыс ордені, Алтын шуақ» деп аталады. Жапония императорының атынан берілетін орденмен Жапониямен достық қатынасты дамытуға үлес қосқан шетелдік азаматтар марапатталады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram