Жапония Премьер-министрі отставкаға кетеді

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Жапония Премьер-министрі Юкио Хатояма отставкаға кету ниеті туралы ресми мәлім етті, деп хабарлайды РБК агенттігі.
None
None

Ағымдағы жылы шілденің 11-інде жоғары палатаға өтетін сайлауда өз мүмкіндіктерін көтеру бағытында партия 8 ай бойы белсенді әрекет етіп келгеннен кейін, Жапонияның Демократиялық партиясында Премьер-министрге қысым күшейіп отыр.

Сонымен бірге, премьердің бұл шешіміне американ әуе базасын көшіру туралы мәселе бойынша үкіметтің бағытымен келіспей отырған Социал-демократиялық партияның билік жүргізуші коалициядан шығуы да себеп болуы ықтимал.

Окинава аралындағы АҚШ әскери базасын басқа жаққа көшіру туралы уәдесінде тұра алмағаны үшін мамырдың 23-інде Ю.Хатояма кешірім сұрауға мәжбүр болған еді. Бұл уәдені ол өткен жылы сайлауалды науқан кезінде берген болатын.

Бірақ та, мамырдың 23-інде премьер Окинава губернаторы

Хирокадзу Накаимамен кездесіп, Шығыс Азиядағы жағдайдың тұрақсыздығын алға тартып, Окинавадағы базаны қалдыру туралы шешім қабылдағанын мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар