Жапония Премьер-Министрі парламентті тарату туралы шешім қабылдады

ТОКИО.  Шілденің 13-і.  ҚазАқпарат -  Жапония Премьер-Министрі Таро  Асо   парламентті тарату  туралы шешім қабылдады, 
None
None

деп   хабарлайды ҚазАқпарат  Utro.ru сайтына  сілтеме  жасап.

Мерзімінен  бұрынғы     сайлау   тамыздың   30-ына белгіленеді  деп  күтілуде.   Билік  жүргізуші коалиция жексенбі күні   Токиода  өткен  муниципалдық  сайлауда   жеңіліске  ұшырады.

 Таро  Асо жетекшілік ететін   либералдық-демократиялық партия мен  оның  коалиция  бойынша  серіктесі -  Жаңа Комейто  партиясы  небәрі 38   орын  ғана алып,    елордалық  заң шығарушы   жиналыстағы    көпшілік дауыстан  айрылып қалды.  Ал оппозициялық  Демократиялық   партия  54 мандатқа ие болып отыр.

Соңғы жаңалықтар