Жапония шетелдіктер үшін виза алымдарын бес есеге көтерді
АСТАНА. KAZINFORM — Жапон үкіметі шілде айынан бастап шетелдіктер үшін бір реттік визаға өтініш беру төлемін бес есе, яғни 3000 иеннен 15 000 иенге (шамамен 90 доллар) дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kyodo.
Бұл 1978 жылдан бергі алғашқы өсім болып отыр. Мұндай шешім инфляция мен иенаның әлсіреуіне байланысты қабылданған.
Белгіленген мерзім ішінде елге бірнеше рет кіруге мүмкіндік беретін көп реттік визаның құны 6 мың иеннен 30 мың иенге дейін қымбаттайды.
— Біз бұл шешімге келу туризмге бірден әсер етеді деп күтпейміз, — деді Тосимицу Мотэги баспасөз мәслихатында.
Виза алымы мөлшерінің өсуі Жапониядағы визалық төлемдерді «Үлкен жетілік» елдеріндегі деңгейге жақындатуға бағытталған.
Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың АҚШ визасын алу кезінде жиі бас тартуға тап болуының себебіне түсініктеме берді.