Жапония тарихындағы ең жоғары ауа температурасы тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның көптеген қаласында аптап ыстық жалғасып жатыр, деп жазады Анадолы Japan Times басылымына сілтеме жасап.

Жапония
Фото: Anadolu

Хёго префектурасындағы Танба қаласында ауа температурасы 41,2 градусқа дейін көтеріліп, ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді.

Бұл — 2018 және 2020 жылдары тіркелген 41,1 градустан асып түскен көрсеткіш.

Өткен аптада ел бойынша 5 мыңнан астам адам күн өту белгілерімен ауруханаға жеткізілген.

Билік ыстық бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін ескертіп, азаматтарды күн өтуінің алдын алу шараларын қабылдауға кеңес беруде.

Айта кетейік, бұған дейін 40 градустық ыстықта қалай қорғануға болатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар