09:11, 21 Шілде 2015 | GMT +5
Жапония Түркіменстандағы жаңа халықаралық порттың құрылысына инвестиция салуға әзір
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркіменстан-Жапония екіжақты жүргізілген келіссөздері аясында күн шығыс елі Түркіменбашы қаласында жаңа халықаралық теңіз портына инвестиция салуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлады trend.az сайты Түркіменстан үкіметіне сілтеме жасай отырып.
«Бұл порт - елдің «теңіздегі қақпасы» ғана емес, сонымен бірге бүгінде жасалып жатқан өңірлік қуатты көлік инфрақұрылымының ажырамас маңызды бөлігі», делінген ақпаратта. Бұған дейін Түркіменбашыда жаңа порт құрылысын жүргізуге жарияланған құны 2 млрд доллардан тұратын халықаралық тендердің басты мердігері «Çalyk Holding» құрамына кіретін Түркияның «Gap Inşaat» компаниясы анықталған болатын. Бұл жоба бойынша терминал, кеме құрылысы, кеме жөндеу зауыты, жағалау инфрақұрылымы нысандары салынады.