Жапония жағалауында магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Хатидзедзима аралының жағалауында алдын ала магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі тіркелді. Арал Токио қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 280 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
Жапония метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, жер сілкінісінің дүмпулері ел астанасы Токиода да сезілген.
Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 21:02 шамасында болған. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 60 шақырым тереңдікте орналасқан.
Миякэдзима және Микурадзима аралдары аумағында жер сілкінісінің күші жапондық жеті балдық сейсмикалық шкала бойынша 3 баллды құрады.
Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 33,7 және шығыс бойлықтың 140,5 градус координаттарында орналасқан.
Цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ.
Бұған дейін Перуде магнитудасы 6,5 болатын жер сілкінісі тіркелген.