21:02, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
Жапония: жаңа билік тұсындағы алғашқы өлім жазасы кесілді
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Жапонияда өлім жазасына кесілген үш сотталушы асылып өлтірілді. Бұл 2012 жылдың желтоқсан айында билік басына келген либералды-демократиялық партиясының алғашқы өлім жазасына кесу оқиғасы.

Билік өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, өлім жазасына кесу оқиғасы таңертең орын алды. Хабарланғандай, сотталушының бірі оқушы қызды өлтіруде айыпты болған, деп хабарлады Би-Би-Си.
Жапонияда 134 сотталушы өлім жазасына кесілген.
Ең ауыр жазаға кесуді құқық қорғаушылар қатты сынға алуда. Жапонияда өлім жазасына кесілгендер жазаның орындалуын жалғыз адам отыратын камерада отырып күтеді. Сотталушылардың өлім жазасына кесілуге уақыты келгені жайлы оларға бірнеше сағат қалғанда ғана айтылады.