Жапонияда 175 мың долларға ғажайып балық сатылды

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Токиода үлкен тунец балығы бұрын-соңғы болмаған рекордтық бағаға - 16,3 миллион иенге (175 мың доллар) сатылды.
None
None

Бұл Жапонияда соңғы 9 жылда тунец балығы үшін берілген ең жоғары баға.

ВВС телекомпаниясының хабарлауынша, бұл ғажайып-балықтың салмағы 232 келі тартады. Ол Хонсю аралының маңындағы суларда ұсталған.

Бұл ғажайып балықты Токиодағы ең қымбат мейрамханалардың бірі мен суши-бар желісінің иесі гонконгтық бір кәсіпкердің бірлесіп сатып алған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар