Жапонияда цунами мен жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 14 мыңға жетті

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - 11 наурызда Жапонияда болған жер сілкінісі мен цунамидің салдарынан 14 мың адам қаза тапты.

Жапонияда цунами мен жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 14 мыңға жетті

19 сәуір күні таңертең Жапония билігі осындай деректерді жариялады, - деп жазады Лента.ру.

Табиғи апаттан қаза тапқандарды санап жатқан Жапонияның ұлттық полиция агенттігі опат болғандардың нақты тізімінде 13 мың 843 адам бар екендігін хабарлады. 14 мың 30 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Уақытша орналастыру орталықтарында қазір жер сілкінісі мен цунами салдарынан баспанасыз қалған 136,5 мың адам қалуда.