Жапонияда дауылға байланысты 350 мың адамды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония билігі «Нангка» тайфуны салдарынан елдің оңтүстік жағалауынан шамамен 350 мың адамды қауіпсіз жерге шығару керектігі туралы жариялады, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Бейсенбі күні кешке тайфун Сикоку аралына жеткенде өзімен бірге жауын ала келді. Желдің жылдамдығы сағатына 185 шақырым.

Киодо ақпараттық агенттігі кем дегенде екі адам ажал құшты десе, жапониялық «Эн-эйч-кей» арнасы 31 адам жарақаттанды деп хабарлады.

Жұма күні таңертең «Нангка» бәсеңдеді. Алайда, билік жақын арада жел жылдамдығы қауіпті болатыныны айтты.

Соңғы жаңалықтар
telegram