Жапонияда экологиялық сутегі батареясымен жүретін автокөлік жолға шықты
АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат - Жапонияда сутегі батареясымен жүретін үш экологиялық таза машина серсенбі күні жолға шықты. Ұлттық автокөлік жасау саласының келешегімен байланыстырылып отырған жаңа көліктер 1100 шақырымдық жорыққа аттанды,
деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі.
Токио қаласынан шыққан олар жолда екі рет зарядталып Кюсю аралындағы Фукуока қаласына бармақ. Бұл сапар, сутегі машиналарының өз мүмкіндіктері бойынша бензинмен жүретін көліктермен теңесіп қалғанын көрсету үшін ұйымдастырылып отыр.
Автожорыққа "Тойота", "Хонда" және "Ниссан" корпорацияларының тәжірибелік көліктері қатысуда.