Жапонияда фейерверкке арналған баржадан өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияның Иокогама қаласында фейерверг ұйымдастыруға арналған баржадан өрт шықты, деп хабарлайды Kyodo News.

Пожар на барже с фейерверками произошел в Японии
Фото: KYODO NEWS

Жағалау күзетінің мәліметтерінше, фейервергке арналған баржалардың бірінен өрт шықты.

Кеме бортында болған бес жұмысшының барлығы теңізге секіріп, аман қалды. Олардың бірі жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. От жалыны көрші баржаға да тарады, алайда онда адамдар болмаған.

Жергілікті полицияның мәліметінше, оқиғаға отшашу жүйесіндегі ақау себеп болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Шараның ресми сайтында көрсетілгендей, жергілікті уақыт бойынша 19:30-дан бастап 25 минут ішінде шамамен 20 000 отшашу жіберу жоспарланған. Ұйымдастыру комитеті болған жағдай үшін кешірім сұрап, оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеуге уәде берді.

Үндістандағы фейерверк фабрикасында болған жарылыстан сегіз адам қаза тапты.

 

Соңғы жаңалықтар