Жапонияда ғарыш арпасынан қайнатылған сыра сатылуда

АСТАНА.  Желтоқсанның  4-і.   ҚазАқпарат -  Жапондық «Саппоро»   компаниясы    ресейлік ғарышкерлердің көмегімен     орбитада  өсірілген  арпадан қайнатылған сыраны  Интернет    арқылы  сата бастады,

Жапонияда ғарыш  арпасынан  қайнатылған  сыра сатылуда

деп хабарлайды  «Маяк»  радиосы.     Фирма осынау қайырымдылық   шарадан түскен   табыстың  бәрін   білім саласына  және   жер орбитасын   игеруді насихаттауға     аударуға  уәде беріп  отыр.

Жобаға    Ресейдің Ғылым  академиясы  мен  жапондық  Окаяма Университеті    қатысуда.    Осы екі    жоғары оқ орнының  көмегімен      Халықаралық  ғарыш  стансасына  жөнелтілген арпа  тұқымы      ресейлік модульде  жарты  жылда    кішігірім  өнім  берген.  Орбитада  болып  келген    арпадан    Жерде  жаңа астық   өсіріліп,   содан сыра қайнатылып  отыр.

Сатылымға алты  шөлмектен  салынған 250 қорап  сыра  шығарылып  отыр. Әр   қораптың бағасы- 10 мың   иенді құрайды, бұл 110 доллардың  шамасында. Сатылымға шығарылмас  бұрын,  сыра   зертхана жануарларына беріліп тексерілді, одан кейін  компания қызметкерлерінің    қатарынан   шыққан  еріктілер   оны  сынақтан өткізді.   Олар  «Саппоро  ғарыш  арпасы»  деп аталған     сыраны  мақтап отыр.