11:15, 07 Қаңтар 2016 | GMT +5
Жапонияда «Хамаока» АЭС-ында өрт шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Сидзуока орталық префектурасында орналасқан «Хамаока» Атом электр стансасының екінші реакторы отқа оранды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

«Турбиналық цехта өрт дабылы іске қосылды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тартпа желдеткішінің жанып жатқанын анықтап, оны дереу сөндірді», делінген хабарламада.
Оператор компания оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін, радиация таралмағанын хабарлады.