Жапонияда ірі қар мүсіндері фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда Хоккайдо аралындағы Саппоро қаласында 4-11 ақпан аралығында қар мүсіндерін жасау бойынша жыл сайынғы 70-ші фестиваль өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жапония ұлттық туристік ұйымдары сайтының жазуынша, әлемдегі ең ірі мұз шоуы жыл сайын 2 млн туристің басын қосады. Мереке кезінде қатысушылар қар мен мұздан жүздеген мүсін жасайды. Бұл Одори Кэрн орталық саябағында және Сусукино туристік аймағында өтеді.

Саппородағы алғашқы қар фестивалі 1950 жылы өтті. Ол кезде қалалық саябақта жергілікті оқушылар жасаған алты мүсін орнатылған еді. Бұл қала тұрғындары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Содан бері жыл сайын ақпан айының басында мүсіншілер қар мен мұздан түрлі дүниелер жасап келеді.

Фестиваль 1972 жылы әлемдік деңгейде танымалдылыққа ие болды. Ол кезде Саппорода XI Олимпиада ойындары өткен еді. Ал 1974 жылдан бері мереке аясында қар мүсіндері құрылысы бойынша халықаралық жарыстар ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар