Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жапонияда компаниялардың банкротқа ұшырауы 12 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында корпоративтік банкроттық саны соңғы 12 жылда алғаш рет 5 мыңнан асты, деп хабарлайды Kyodo News.

Число корпоративных банкротств резко выросло в Японии
Фото: kyodonews.net

Tokyo Shoko Research зерттеу компаниясының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-маусым аралығында қарызы кемінде 10 млн иен (шамамен 62 мың доллар) болатын 5 346 компания банкрот деп танылған.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға көп. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 12 жыл бұрын тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, иен бағамының әлсіреуі инфляцияны жеделдетіп, әсіресе шағын және орта бизнеске айтарлықтай әсер еткен.

Бұдан бөлек, жұмыс күшінің созылмалы тапшылығы да жағдайды қиындатып отыр. Tokyo Shoko Research мамандары күзде банкроттық санының өсу қарқыны күшеюі мүмкін екенін ескертеді.

Деректерге сәйкес, банкрот болған компаниялардың шамамен 90%-ы – қызметкерлер саны 10 адамнан аз кәсіпорындар. Ал жағдайлардың 80%-ға жуығы міндеттемелері 100 млн иеннен аспайтын компанияларға тиесілі.

Салалар бойынша ең көп банкроттық қызмет көрсету секторында тіркелді – 1 819 жағдай (+7,2%). Екінші орында құрылыс саласы тұр, онда 1 026 компания банкротқа ұшыраған.

Айта кетейік, Жапон иенасы 40 жылдағы ең төменгі деңгейге жақындады.