Жапонияда тербелісі 6,2 балл жер сілкінісі болды

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның оңтүстік жағалауында тербелісі 6,2 балл жер сілкінісі болды, делінген АҚШ Геологиялық қызметінің хабарында.
None
None

Ресейлік «Жаңалықтар» агенттігінің хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 22.26-да (мәскеу уақытымен 17.26) тіркелген. Зілзала кіндігі Кюсю аралында орналасқан Кагосима қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 70 шақырым жерде 161,5 шақырымдық тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен келтірілген шығындар туралы хабарланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар